• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-04/148

381 рет
көрсетілді

2015 жылғы 27 ақпан,  Астана қаласы Балық аулау қағидаларын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Балық аулау қағидалары бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-04/148 бұйрығымен бекітілген Балық аулау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Балық аулау қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жеке және заңды тұлғалармен кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін аулауды, мелиоративтік аулауды, өсімді молайту мақсатындағы аулауды және эксперименттік аулауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін реттейді. 2. Осы Балық аулау қағидаларының қолданысы балық және басқа су жануарларын жасанды өсіруге қолданылатын су айдындарынан басқа Қазақстан Республикасының барлық балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсіру және көбейту үшiн пайдаланылатын не олардың қорларының өсiмiн молайту үшiн маңызы бар су айдындары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, сулы-батпақты алқаптар, су қоймалары, тоғандар және басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңiз суларына таратылады. 3. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңымен реттеледі. 4. Осы Балық аулау қағидаларында мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) аншлаг – өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу; 2) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры – жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi; 3) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау; 4) балық аулаушы – әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға; 5) балықтардың көбею кезеңі – белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі; 6) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы; 7) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі; 8) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы; 9) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға; 10) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері; 11) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретiн, (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10168 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген нысан бойынша құжат; 12) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар; 13) жолдама – бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн ұстап алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат (біржолғы немесе маусымдық); 14) кездейсоқ ауланым – рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі; 15) қорықшылық қызмет – Заңның 9-бабы 1-тармағының 66) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы субъектілерінің бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi; 16) қыстау шұңқыры – қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбінің шұңқырларында жаппай жинақталатын орны; 17) балықтардың өріс аударуы – балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы; 18) уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы; 19) рекреациалық балық аулау аймағы – Заңның 10-бабы 2-тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі; 20) ұйық (ұйықтық учаске) – су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар, өзеннің және өзге де ағынды су айдынының кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген учаскесі; 21) балық шаруашылығы – Заңның 9-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі; 22) балықтың кәсіпшілік мөлшері – тұмсығының ұшынан құйрық қанатының орталық жарықшағы негізіне дейін өлшенетін (аузы жабық кезде) аулауға жол берілетін балық өлшемі; 23) шаяндардың кәсіпшілік мөлшері – көзінің ортасынан құйрық тілімшесінің аяғына дейін өлшенетін аулауға жол берілетін шаяндардың өлшемі; 24) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі; 25) ведомство – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті; 26) аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялары. 2. Балық аулау тәртібі 5. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын жалпы пайдалану ақысыз, ал жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 501-бабына сәйкес (бұдан әрі – Салық кодексі) ақылы негiзде жүзеге асырылады. 6. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді: 1) кәсіпшілік балық аулау; 2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау; 3) ғылыми-зерттеу үшін аулау; 4) бақылау үшін аулау; 5) мелиорациялық аулау; 6) өсімін молайту мақсатында аулау; 7) эксперименттік аулау. 7. Балық аулау қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) кіргізілген балық аулау құралдарымен, тәсілдермен және әдістермен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10266 тіркелген) «Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығ министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 8. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының кәсiпшілік мөлшері осы Балық аулау қағидаларының қосымшасына сәйкес белгіленеді. Ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың сегіз пайыздан және сүзгіш аулау құралдарында бес пайыздан аспайтын көлемде, рұқсатта көрсетілмеген және (немесе) белгіленген кәсіпшілік өлшемнен кем балық түрлері мен басқа да су жануарларының кездейсоқ аулануына жол беріледі. Кездейсоқ ауланатын балық көлемі асып кеткен жағдайда, барлық ауланған балық кідіріссіз табиғи мекендеу ортасына аз зақымсыз жіберіліп (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7573 тіркелген) «Аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналына (кәсіпшілік журналына) (бұдан әрі – кәсіпшілік журнал) тиісті жазба енгізіледі. Бекіре тұқымдас балықтар кездейсоқ ауланған жағдайда тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары – табиғи мекендеу ортасына жіберілуге, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары өтеусіз негізде мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуға тиіс. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтарының кездейсоқ аулану фактілері кәсіпшілік журналда немесе рұқсатта немесе жолдамада тіркеледі және өтеусіз негізде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуы тиіс. Бағалы, сирек және құрып кету қаупі төнген балық түрлері және басқа да су жануарларының тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтарының кездейсоқ аулану фактілері кәсіпшілік журналда немесе рұқсатта немесе жолдамада тіркеледі және көму арқылы жойылуға жатады. Кәсіпшілік емес мөлшердегі кездейсоқ ауланатын шаяндар айырмай пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпшілік емес мөлшердегі шаяндар балық аулау құралдарына түскен жағдайда кідіріссіз табиғи мекендеу ортасына аз зақымсыз жіберілуі қажет. 9. Заңның 39-бабының 5-тармағына сәйкес мына жағдайларда: 1) бөгеттердiң, шлюздердiң және көпiрлердiң жанында, көлдердi өзара және негiзгi өзенмен жалғастыратын тармақтарда, мелиорациялық жүйелердiң жеткiзу арналары мен бұрмаларда, өзендер мен арналардың сағалары су айдынның құятын тұсынан екі жағындағы 500 метрдегі қашықтықта және су айдынының 500 метр ішкі қашықтықта, сондай-ақ өзен немесе арнаның ағысымен жоғарғы қарай 1500 метр қашықтықтағы аралығында; 2) осы Балық аулау қағидаларында көзделмеген балық аулау құралдарымен; 3) тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеменің негізінде уәкілетті орган белгілейтін мерзімдерде және орындарда қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде; 4) Қазақстан Республикасының «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңымен белгiленген тәртiппен тiркелмеген және тiркеу нөмiрлерi көрсетiлмеген жүзу құралдарымен; 5) балық аулау құқығын беретiн рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының параметрлерi көрсетiлген жапсырмалары жоқ балық аулау құралдарымен; 6) теңiзде және өзендерде бекiре балықтарды аулауға арналған құрылған аулау құралдарымен; 7) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында; 8) осы Балық аулау қағидаларымен, шектеулермен және тыйымдармен жол берілмейтін тәсiлдермен; 9) аулау құралдары өзеннің немесе өзен тармағы енінің үштен екіден астамын қамтып; 10) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртiппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатумен; 11) кәсiпшiлiк балық аулауды жүзеге асыру кезінде бөгеттерден, шлюздер мен көпірлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта; 12) тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеменің негізінде уәкілетті орган белгілейтін орындарда және мерзімдерде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбеюі кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында; 13) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды, сондай-ақ атыс қаруын пайдаланумен; 14) уәкілетті органның рұқсатынсыз тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданумен балық аулауға жол берілмейді. 10. Заңның 14-бабының 3-тармағына және 39-бабының 4-тармағына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау мақсатында: 1) өсiмдiктердi жоюға және жануарлар мекендейтiн ортаның жағдайларын нашарлататын өзге де iс-әрекеттерге; 2) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен бiр километр төмен биiктiкте ұшып өтуiне; 3) сирек кездесетiн және құрып кетуi қаупi төнген жануарлар түрлерiн және олардың дериваттарын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiнсiз алуға; 4) жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен асырып және рұқсатта көрсетiлген мерзiмнен тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында аулауға; 5) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандарды, жүзбелi таным белгілерiн және аншлагтарды жоюға немесе бүлдiруге; 6) елдi мекендердiң, балық қабылдау пункттерiнiң жанына бакендер орнату үшiн, аялдауды және аса қажет жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлiгiнiң тоқтауына; 7) балық аулайтын түрлi құралдарды бiр балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерiнен басқаларына арнайы өңдеусiз апаруға; 8) жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз өзендерде жаңа балық шаруашылығы учаскелерiн, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді), ағызу және жүзу жолдарын ашуға; 9) су тоғандарында немесе оған тiкелей жақын жерде осы Балық аулау қағидаларында қолдану көзделмеген балық аулау құралдарымен болуға; 10) балықтарды ноқталарында сақтауға, жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан шыққан өлi және ауру балықты суға және жағалау белдеуiне лақтырып тастауға; 11) осы Балық аулау қағидаларында белгіленген кәсiпшiлiк шаралардан кем балық аулауға, қабылдауға, сатуға және сақтауға; 12) жеке және заңды тұлғаларға түрін көрсетпестен немесе «басқа» және «майда» деген атаумен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға; 13) екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға; 14) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде аумақтық бөлімшенің келісусіз двигательдері қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне жол берілмейді. 3. Кәсіпшілік балық аулау тәртібі 11. Кәсіпшілік балық аулау – балық ресурстары мен басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының (кәсіпшілік аулау құралдарымен) бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететін кешенді процесс. 12. Заңның 34-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылады. Жағалауда аулау бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, ұйықтарда (ұйықтық учаскелерінде) жүзеге асырылады. Теңізде аулау бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылады. 13. Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді. 14. Заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес кәсiпшiлiк балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға: 1) рұқсат; 2) жергілікті атқарушы органмен балық аулауға жасасқан шарты болған кезде берiледi. 15. Кеме капитаны, бригадир, звеньевой немесе кәсіпшілік балық аулау кезіндегі жауапты тұлға, кеменің бортында, сонымен қоса балық кәсіпшілік учаскесінде: рұқсатты; балық шаруашылығы субъектісі немесе жануарлар дүниесін пайдаланушы қолымен бекітілген және аумақтық бөлімшесінің мөрімен куәландырылған, тігілген және нөмірленген кәсіпшілік журналды өздерімен бірге алып жүреді. 16. Кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын тұлғалар әр ауланымды, кәсіпшілік журналына аулау кезінде мемлекеттік инспектордың белгісін ауланған күні тіркейді. 17. (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6196 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 185 «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесін бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген тәртіппен және мерзімде, аумақтық бөлімшеге балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер жануарлар дүниесiн пайдаланушымен беріледі. 4. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібі 18. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау. 19. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балық аулаушыға бес данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын шаяндар мен басқа да су жануарларын аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі. Арнайы құрылатын аспаптар мен су асты аңшылығына арналған қару халық демалатын аймақтан тысқары арнайы бөлінген жерлерде, сонымен қатар жануарлар дүниесін пайдаланушымен белгіленген арнайы орындарда, бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде рекреациялық балық аулау үшін пайдаланылады. 20. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммнан астам ақылы түрде жергілікті атқарушы органдарымен берілген рұқсат бойынша жүзеге асырылады. 21. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке адамдарға жануарлар дүниесін пайдаланушымен берілген жолдамасына сәйкес олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша жүзеге асырылады. 22. Балық аулаушы әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру кезінде өзімен бірге: 1) жолдама (бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде); 2) рұқсат (балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бес килограммнан астам балық және басқа да су жануарларын аулау кезінде); 3) жеке басты куәландыратын құжат болады. 5. Ғылыми-зерттеу үшін аулау тәртібі 23. Ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау. 24. Заңның 34-бабының 4-тармағына сәйкес бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарларды алып қою лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулау аулауға жол беріледі. 25. Ғылыми-зерттеу үшін аулау кәсіпшілік журналында аулаудың уақыты мен орны, қолданылған аулау құралдары көрсетіле отырып белгіленеді. Кәсіпшілік журналда балық аулауды жүргізуге жауапты адамдар туралы деректер және осы квотаны одан әрі пайдалану жөніндегі ақпарат та көрсетіледі. 26. Ведомствомен және (немесе) оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасы шеңберінде ғылыми ұйымдар: 1) зерттеу жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік жоспары мен кестесін бекітеді; 2) су айдындары және (немесе) учаскелері мен теңіз шаршылары бөлінісінде аулау учаскелерінің тізбесін белгілейді; 3) станциялар торын немесе торды және тралды орнатудың немесе батырылған аудың санын, орнатуды және батыруды жүргізудің уақыты мен орнын, пайдаланылатын аулау және жүзу құралдарының үлгісін, түрін және санын, аулау тәсілдерін айқындайды. 27. Ғылыми-зерттеу үшін аулау жергілікті атқарушы органмен немесе ведомствомен берілген рұқсат негізінде рұқсат етілген балық аулау құралдарымен жылдың кез келген уақытында жүзеге асырылады. 28. Балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ тыйым салынған аулау құралдарымен ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүзеге асыруға аумақтық бөлімшесі өкілінің қатысуымен және жүргізілген аулау нәтижелері көрсетілген жеке акт (еркін нысанда) толтырылған кезде жол беріледі. 29. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ғылыми-зерттеу үшін аулау осы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітілген берілген жануарлар дүниесін пайдаланушы ұсынатын сервитут шеңберінде жүзеге асырылады. 30. Ғылыми-зерттеу үшін аулау шеңберінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасын ғылыми ұйымнан өзге жеке немесе заңды тұлғаларға бepуіне жол берілмейді. 31. Ғылыми-зерттеу ұйымының ғылыми квотаны пайдалануы туралы ақпарат ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүргізуге байланысты барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғылыми-зерттеу үшін аулауға рұқсат алған жерге беріледі. 6. Бақылау үшін аулау тәртібі 32. Бақылау үшін аулау – балық ресурстарын және басқа су жануарларын ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарындағы балық өнімділігін айқындау мақсатында аулау. 33. Бақылау үшін аулауды рұқсатсыз аумақтық бөлімшесі: 1) мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде су айдындарына балық жіберу бойынша ұсыныс дайындау; 2) биологиялық материалдың түрі және кәсіпшілік ауланған балықтардың мөлшері, салмағы, жасы және жыныстық арақатынасы жөнінде жинау; 3) уылдырықтанудың көшіп қонуын және негізгі құнды балық түрлерінің уылдырық шашуы, көшіп қону мерзімі, уылдырықтану табынының құрамы, өндірілушілермен уылдырық шашу орнын толтыру дәрежесі, мерзімі және уылдырық шашу сипаты және уылдырық шашу табынының жалпы бағасын сараптайтын материалдарды жинау; 4) кәсіпшілік аудандарында кездейсоқ ауланым туралы материалдар жинау, жас балықтардың негізгі аудандарындағы серуендеу орындарын есептеу; 5) балықтардың қырылуының алдын алу және болдырмау шараларын әзірлеу, балық қырылу қаупі бар су айдындарын (учаскелерін), балық қыстайтын шұңқырлардың температуралық және гидрохимиялық режимін, балық қыстайтын щұңқырлардың толу дәрежесі, қыстау орнының мерзімін, негізгі құнды балық түрлерiнің қыстау кезіндегі жүрісін және жағдайын бақылау; 6) балық ресурстарының және басқа да су жануарларының қырылу анықталған жағдайда олардың алдын алу шараларын әзірлеу; 7) балық ресурстарын және басқа да су жануарларына келтірілген зиянның көлемін анықтау және оның орнын толтыру бойынша талап қою; 8) балық аулау режимін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; 9) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде түрлі өндірістік жұмыстарды және құрылыстарды, кәсіпорындарды, басқа да объектілердің жоспарланған құрылысы мен эксплуатациялау балық ресурстарына және басқа да су жануарларына әсер етуін бағалау мақсатында жүзеге асырады. 34. Бақылау үшін аулау жұмыс жоспарына, аумақтық бөлімшесінің басшысы бақылау үшін аулауды жүргізу кестесіне сәйкес, ведомствомен келіскеннен кейін жүзеге асырылады. 35. Бақылау үшін аулау тыйым салынған аумақтар мен тыйым салынған кезеңдерді қоса алғанда, кез келген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде жүргізіледі. 36. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде бақылау үшін аулау балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген шаруашылығы субъектісіне бақылау үшін аулау жүргізілетін жер мен уақыт хабарланғаннан кейін жануарлар дүниесін пайдаланушы ұсынатын сервитут шеңберінде жүзеге асырылады. 37. Әрбір бақылау үшін аулау нәтижелері балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулауды есепке алу журналында көрсетіледі және бақылау үшін аулауды жүргізген адамдар, бақылау үшін аулауға қатысқан балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері туралы мәліметтер, аулау өткізілген жер мен уақыт; қолданылған аулау құралдары; түрлері бойынша ауланған балықтың саны (данамен және килограммен), сонымен қатар, мақсаттары және нәтижелері актімен (еркін нысанда) ресімделеді. Актіде (еркін нысанда) зерттелген балықты есептен шығару және жануарлар дүниесін пайдаланушыға немесе ғылыми ұйымға беру туралы ақпарат көрсетіледі. Бақылау үшін аулауды жүзеге асыру орнында тікелей акті (еркін нысанда) құрылады және бақылау үшін балық аулауды жүзеге асырушы тұлғалар, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітілген жануарлар дүниесін пайдаланушылардың уәкілімен (бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерінде бақылау үшін аулау жүргізу кезінде) қол қойылады. Пайдалануға және өңдірілуге жарамсыз балық зарттелгеннен кейін көму арқылы жойылады. Пайдалануға және өңдірілуге жарамды балық зарттелгеннен кейін балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітілген жануар дүниесін пайдаланушыға беріледі, ал резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерден бақылау үшін аулау жүргізілген кезде балық ғылыми мекемелерге зерттеу үшін беріледі. 38. Жануарлар дүниесін пайдаланушы немесе өзге де жеке және заңды тұлғаларға берілген бақылау үшін аулау жүргізу кезінде алынған балық Салық кодексінің 501-бабына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізеді. 7. Мелиоративтік аулау тәртібі 39. Мелиорациялық аулау – жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған. 40. Балықтың жаппай қырылуына және мұндай қатерді су объектілерінде балық шаруашылығы мақсатындағы ағымдағы мелиорация жүргізу жолымен жоюдың мүмкін болмауына сөзсіз әкеп соқтыратын балықтың қырылу қатері төнген жағдайда аумақтық бөлімшелері балықты мелиоративтік аулау туралы шешімді жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті органның өкілдерінен аумақтық бөлімшесі құратын комиссияның (бұдан әрі – комиссия) ұсынымы негізінде қабылданады. 41. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында қауіп-қатер фактілерді пайда болуы анықталған жағдайда, Комиссия мелиоративтік аулауды жүргізетін балық шаруашылығы субъектісін немесе жануарлар дүниесі пайдаланушысын айқындайды. Мелиоративтік аулау жүргізуге ұсынылған су айдынында және (немесе) учаскеде резервтік қорына жақын орналасқан су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылығын жүргізумен айналысатын Балық шаруашылығы субъектісіне немесе жануарлар дүниесін пайдаланушысына артықшылық беріледі. Бекітілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде мелиоративтік аулау жануарлар дүниесін пайдаланушылармен пайдалануға рұқсат етілген балық аулау құралдарымен жүргізіледі. Ғылыми ұсыным бойынша мелиоративтік аулау ретінде жүзеге асырылатын жаппай аулау кезінде кез келген аулау құралдары, оның ішінде тізбеге енгізілмегендер де пайдаланылады. 42. Мелиоративтік аулау туралы шешім аумақтық бөлімше басшысының немесе оның орнындағы адамның бұйрығымен рәсімделеді. 43. Аумақтық бөлімшенің бұйрығының негізінде балық шаруашылығы субъектісімен немесе жануарлар дүниесін пайдаланушымен жергілікті атқарушы орган арасында (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10229 тіркелген) «Балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 18-04/16 бұйрығымен белгіленген нысан бойынша шарт жасалады және рұқсат беріледі. 44. Мелиоративтік аулау аумақтық бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен, мелиоративтік аулау туралы акт (еркін нысанда) толтыру және балықты аулап алу туралы мәліметтер нәтижелері кәсіпшілік журналға енгізу арқылы жүзеге асырылады. 45. Қырылуға қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиоративтік аулау жолымен алынған балық көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді. 8. Өсімді молайту мақсатындағы аулау тәртібі 46. Өсімді молайту мақсатындағы аулау – балық ресурстарын және басқа су жануарларын олардың өсімін молайту мақсатында аулау. 47. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулау кез келген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, жылдың және тәуліктің кез келген уақытында, пайдалануға рұқсат етілген барлық кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдары мен тәсілдерінің түрлерімен жүргізіледі. 48. Жеке және заңды тұлғалардың талабымен жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулауына рұқсат қажет. 9. Эксперименттік аулау тәртібі 49. Эксперименттік аулау – балық ресурстарын және басқа су жануарларын балық аулау құралдары мен тәсілдерінің жаңа түрлерінің тиімділігін зерделеу мақсатында аулау. 50. Эксперименттік аулау жергілікті атқарушы органдарымен берілген биологиялық негіздемеге сәйкес немесе рұқсаттың негізінде арнайы ғылыми ұйымдармен жүргізіледі. 51. Эксперименттік аулау рұқсатта көрсетілген тәсілдермен және құралдарымен жүзеге асырылады. 52. Эксперименттік аулау нәтижелері актілінеді (еркін нысанда) және оның қорытындысы бойынша ведомствоға балық аулау құралдары мен тәсілдерінің жаңа түрлерінің пайдалану тиімділігі туралы ұсыныс енгізеді. Балық аулау қағидаларына қосымша Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының кәсiпшілік мөлшері Арал-Сырдария бассейні үшін 1. Шардара су қоймасы және Шардара су қоймасынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейінгі Сырдария өзенi Аулауға рұқсат етілген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының сантиметрлік (бұдан әрi – см) мөлшері (бұдан әрі мәтін бойынша – кәсiпшілік балық мөлшері): сазан – 35, көксерке – 38, ақ амур және дөңмаңдай – 45, жайын – 65, патшабалық – 17, қылышбалық – 31, ақмарқа – 31, айнакөз –18. 2. Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгі Сырдария өзенi, Оңтүстік Қазақстан облысы шегіндегі балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі және Келес, Арыс өзендерi Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 30, көксерке – 38, айнакөз – 18, патшабалық – 17, ақмарқа және қылышбалық – 31, ақ амур және дөңмаңдай – 45, жайын – 65. 3. Үлкен, Кiшi Арал теңiзi және Қызылорда облысы шегiндегі Сырдария өзенi Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 35, ақмарқа – 31, көксерке – 38, табан – 20, арал тортасы – 17. 4. Қызылорда облысының шегіндегі балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 32, көксерке – 38, табан – 20, торта – 17, ақмарқа – 31, ақ амур және дөңмаңдай – 45. Балқаш-Алакөл бассейнi үшін 1. Балқаш көлi, сағадан Қапшағай су қоймасына дейінгі Iле өзенi, Қаратал, Лепсi, Ақсу, Аягөз өзендері, осы өзендердің барлық жылғалары мен салаларын қоса алғандағы атыраулық және жайылымдық балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 40, табан – 19, ақмарқа – 37, көксерке – 37. 2. Қапшағай су қоймасы және Қапшағай су қоймасынан Қытай Халық Республикасымен (бұдан әрі – ҚХР) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі Iле өзенi Кәсiпшілік балық мөлшері см: табан – 26, сазан – 40, ақ амур – 55, жайын – 80, көксерке – 38, ақмарқа – 37, дөңмаңдай – 70. 3. Алакөл көлдер жүйесi Кәсiпшілік балық мөлшері см: көксерке – 37, сазан – 43. Ертiс бассейнi үшін 1. Бұқтырма су қоймасы, Зайсан көлі және Зайсан көліне құятын жерден ҚХР Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі Ертіс өзені Кәсiпшілік балық мөлшері см: сазан – 45, көкшұбар балық – 19, көксерке – 38, шортан – 32. 2. Шүлбi су қоймасы Кәсiпшілік балық мөлшері см: сазан – 36, көксерке – 38. 3. Павлодар облысының шегіндегі балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері және Ертіс өзені Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 32, көксерке – 32. Есіл бассейні үшін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шегіндегі балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Кәсiпшілік балық мөлшері, см: шортан – 42. Нұра-Сарысу бассейні үшін 1. Нұра-Сарысу бассейнінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Кәсiпшілік балық мөлшері, см: тұқы (сазан) – 32, көксерке – 35, оңғақ – 20, шортан – 35 кәсіпшілік аулау үшін және 25 әуесқойлық (спорттық) аулау үшін, ақ амур – 45, дөңмаңдай – 45, көкшұбар балық, будан ақсаха, пайдабалық – 22. 2. Қарағанды және Павлодар облысының шегiндегi Қаныш Сәтпаев атындағы арна Кәсiпшілік балық мөлшері, см: тұқы (сазан) – 32, көксерке – 35, шортан – 35 кәсіпшілік аулау үшін және 25 әуесқойлық (спорттық) аулау үшін, ақ амур – 45, дөңмаңдай – 45, оңғақ – 20. Тобыл-Торғай бассейні үшін Қостанай және Ақтөбе облыстарының шегіндегі балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Кәсiпшілік балық мөлшері, см: 1) Қостанай облысының балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін (Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларын қоспағанда): сазан (тұқы) – 26, көксерке – 45, табан – 20, оңғақ – 20, шортан – 45, нәлiм – 45, көкшұбар – 16, көкшұбар балық – 22, пайдабалық – 26, ақсаха – 30, шаян – 9; 2) Жоғарғы-Тобыл және Қаратомар су қоймалары үшiн: сазан (тұқы) – 45, көксерке – 45, табан – 22, оңғақ – 20, шортан – 45, нәлiм – 45, көкшұбар – 16, көкшұбар балық – 22, пайдабалық – 26, ақсаха – 30, шаян – 9; 3) Ақтөбе облысы балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін: шортан – 40, табан – 19, тұқы (сазан) – 33, мөңке – 21, аққайран – 24, торта – 19, оңғақ – 17, көксерке – 37, жайын – 53, ақмарқа – 40, нәлім – 45, шаян – 9. Жайық-Каспий бассейні үшін 1. Каспий теңізінің қазақстандық секторы Кәсiпшілік балық мөлшері, см: солтүстік Каспийдегi көксерке – 37, ортаңғы Каспийдегі теңiз көксеркесi – 30, Каспийдің шығыс бөлiгiнен басқа сазан – 40, Каспийдің шығыс бөлiгiндегi сазан – 30, табан – 24, қаракөз – 17, қызылқанат шұбар балық – 17, майшабақ – 20, бозаңқы – 14, ақ амур – 7